«Қолжетімді несие» МҚҰ қарыз алушылары үшін маңызды ақпарат

13 қаңтар 2022
Құрметті қарыз алушылар!
 
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерін кейінге шегеру тәртібін әзірледі. Құжатпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
 
Төлемді кейінге қалдыруды «Қолжетімді несие» МҚҰ-ның жақын жердегі кеңсесінде (Алматы қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 229 немесе Абай даңғылы, 107 «А» мекенжайы бойынша) жазбаша нысанда немесе dk_mfo@mail.ru электрондық поштасы арқылы рәсімдей аласыз. Өтініште несие мерзімін кейінге қалдыру себептері және күрделі қаржылық жағдайды растайтын құжаттар көрсетілуі тиіс. Өтінім 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін берілуі керек.
 
Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 727 392 1493 нөмірде WhatsApp: +7 777 254 8600; +7 701 743 8717